2022 жылы биотехнология саласындағы инвестициялар
Венчурлік инвесторлар болашағы зор осы маңызды салаға көбірек қызығушылық таныта бастады.
Соңғы бірнеше жылда биотехнология және медициналық жаңалықтарға инвестициялау танымал бола түсті.
Осы айда Crunchbase аптаның ең ірі 10 мәмілесін жариялады, оның 10-ының 6-ында биотехнологиялық стартаптар көш бастады.
Олардың ішінде ең маңызды инвестициялар келесі стартаптарға тиесілі болды:
- Лос-Анджелестік ACELYRIN стартапы – Access Biotechnology басшылық еткен С сериялы 300 млн долларлық раунд
- Сан-Диегода орналасқан RayzeBio – Viking Global Investors, Sofinnova Investments және Wellington Management бірлесіп басқарған D сериялы 160 млн долларлық қаржыландыру
- Массачусетсте орналасқан, клиникалық кезеңдегі дәрілік заттар жасаушы Nimbus Therapeutics – 125 млн долларлық жеке қаржыландыруды жапты.
Биотехнология – тірі организмдерді немесе олардың метаболиттік өнімдерін пайдаланып, белгілі бір технологиялық/әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндігін зерттейтін ғылым, мысалы:
- Қоршаған ортаның ластануы
- Үшінші әлем елдеріндегі таза немесе ауыз су тапшылығы
- Арнайы қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетуде дәрі-дәрмек пен технология тапшылығы
- Жаңа тұрақты материалдар өндіру қажеттілігі
Ғалымдардың айтуынша, бұл және басқа да көптеген мәселелерді биотехнологияның көмегімен шешуге болады.
Мысалы, биотехнология арқылы дәрі-дәрмек жасауда, сондай-ақ тағам сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін жасау немесе өзгерту бағытында едәуір ілгерілеушілік болмақ.
2022 жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттарда биотехнология және биологиялық өндірісті қолдау туралы жарлыққа қол қойды, бұл қадам елдің Қытайға тәуелділігін азайтуға бағытталған.
"Ғаламдық индустрия биотехнологияға негізделген революцияның алдында тұр. Биотехнологияның көмегімен микроағзаларды арнайы химиялық заттар мен қосылыстар өндіру үшін бағдарламалай аламыз."
Джо Байден
АҚШ президенті
Құжатта жаңа дәрілер мен адам тіндерінен бастап биологиялық отын мен азық-түлікке дейінгі кең ауқымды өнімдер мен материалдарды құрастыратын биоөндірістік жүйелерді қолдау стратегиясы көрсетілген.
Бұл мақалада біз бүгінгі күннің ең қуатты нейроинтерфейсін әзірлеп жатқан биотехнологиялық стартап туралы сөз қозғаймыз. Әзірге ол егеуқұйрықтар мен маймылдарға ғана сынақтан өткізілді, бірақ жақын арада адамдарға клиникалық сынақтар өткізу көзделуде.
Біз сөз қозғап отырған – Илон Масктың аса даулы жобаларының бірі – Neuralink.
Neuralink
2016 жылы негізі қаланған Neuralink бірегей құрылғы әзірлеуде, ол ми сигналдарын Bluetooth арқылы тарата алады. Бұл компьютерді немесе смартфонды мидың сигналдарымен тікелей басқаруға мүмкіндік береді.
Neuralink компаниясының басты өнімі – The Link атты шағын чип, ол адам миына имплантацияланып, нейрондардан түсетін электр белсенділікті оқып, оны түсінікті үлгіге айналдырады.
Технология әлі әзірлену сатысында және жаппай өндіріске өту үшін көп уақыт қажет.
Компания жақында миға арналған чиптің алғашқы адамға сынақтан өткізу қадамдарын басып жатқанын мәлімдеді.
2019 жылы Neuralink өзінің нейрочип прототипін – ми мен компьютер арасындағы интерфейсті алғаш рет таныстырды.
Neuralink-тің басты мақсаты – ең алдымен, неврологиялық ауруларға шалдыққан адамдардың мүмкіндігін кеңейту. Масктың айтуынша, бұл құрылғы гормондарды бақылауға, алаңдаушылықтан арылуға және тіпті миды тиімдірек жұмыс істеуге көмектеседі.
Маск адамның миын кеңейту арқылы күрделі ауруларды еңсеруге және жасанды интеллектпен пара-пар болуға болатынына сенеді.
Даулар мен пікірлер
Таныстырылымға бірнеше күн қалғанда, компанияның бұрынғы қызметкерлерінің бірі күтпеген жайттарды жария етті. Ол ғалымдар мен инженерлер арасында болған жанжал жайлы айтты.
Оның басты себебі – Масктың барлық шектеулерге қарамастан, жобаның мерзімін жылдамдатуды талап етуі болды. Нәтижесінде, 8 зерттеушінің 6-уы жобадан кетті.
Жағдай жануарларға жүргізілген сәтсіз тәжірибелермен де күрделене түсті. Атап айтқанда, тірі қой миына 10 000 микроэлектрод орнату және маймыл миына операция жасау болды. Бұл екі тәжірибе де субъектілердің өміріне елеулі қауіп төндірді.
Жауап ретінде Neuralink өз жануарларының күтімі мен барлық талаптарды орындайтынын көрсететін видео жариялады.
Ерекше атап өтерлігі, Neuralink нысандарына жүргізілген USDA инспекцияларынан ешқандай айыппұл алмаған. 2021 жылғы 9 сәуірде Neuralink миына чип орнатылған маймылдың видео ойынды қалай ойнағанын көрсетті:
Венчурлік инвесторлар үшін Neuralink технологиясы әлі ерте даму сатысында және жаппай қолдану үшін жылдар талап етіледі. Осылайша, Brain-Machine Interface бағытындағы серпілісті жалғастыру үшін Илон Маск келесі инвестициялық раундтарда капитал тартуы қажет.
2021 жылдың шілдесінде компания Vy Capital жетекшілігімен, Google Ventures, DFJ Growth, Valor Equity Partners, Craft Ventures, Founders Fund және Gigafund қатысуымен $205 млн көлеміндегі C сериялы инвестициялық раундты өткізді.
Neuralink компаниясының қаржыландыру раундтары.
Илон Масктың өзге жобалары
Қазір Илон Маск әлемдегі ең бай адам, оның байлығы 270 млрд долларға жетіп, Джефф Безосты басып озды. Масктың қаржысының көп бөлігі Tesla компаниясынан келеді, әрі пандемия кезінен бастап компания акциялары жеке инвесторлардың жоғары қызығушылығы, тамаша нәтижелер және электромобильдерге жаһандық беталыс әсерінен 2500% өсті.
Бірақ Tesla – Маск негізін қалаған жалғыз компания емес. Оның SpaceX, OpenAI, The Boring Company және тағы басқа инновациялық жобалары бар.
Ендеше біз Youtube бейнебаянымызда ең танымал инноватор әрі дисраптор Маск басқаратын әр компания немен айналысатынын шолып өтеміз.
English