Raison Asset Management 7 жылдық қызметін атап өтеді!
Жетістігіміздің маңызды сәттерін еске аламыз
Біздің тарихымыз жеті жыл бұрын басталды: компания (ол кезде Threesixty Elements S.A.) 2015 жылғы 8 шілдеде құрылды.
Шын мәнінде, Raison Asset Management командасы 2014 жылдан бастап қажетті қаржылық және заңдық инфрақұрылымды құру үшін жұмыс істеді. Дегенмен, компанияның ресми туған күні – тіркеу күні.
2015 жылдың қазан айында Raison Asset Management барлық инвестициялық қорларды басқару лицензиясына ие болды. Сол жылы жұмыс офистері ашылды.
Бүгінде Raison Asset Management 50 миллион доллардан астам активті басқарып, 30-дан астам жеке технологиялық компанияларға инвестиция салады. Біздің артықшылығымыз – Еуропа мен Америка юрисдикциясындағы реттелетін инфрақұрылым және АҚШ пен Еуропаның бағалы қағаздар нарығындағы тәжірибе.
Тарихымыздағы маңызды оқиғалар:
- Компания АҚШ-та тіркеліп, АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының лицензиясын алған;
- Таллин (Эстония), Сан-Франциско (АҚШ) және Фрайбург (Германия) қалаларында жаңа офистер ашылды;
- Element ONE хедж-қоры мен Element GTTP венчурлық қоры іске қосылды;
- Компания 30-дан астам жеке компанияға инвестиция салды, олардың қатарында SpaceX, Airbnb, DigitalOcean, Scale AI, Destinus және басқалары бар;
- Raison қосымшасы 2019 жылы іске қосылып, алғашқы компания ретінде SpaceX платформаға енгізілді. Қазіргі таңда қосымшада әлемнің 24 елінен 30 мыңнан астам қолданушы бар.
- Жақын арадағы мақсатымыз – Қазақстан нарығына шығу. Жергілікті реттеушіден лицензия алу және шілде айының соңына дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда офистер ашу жоспарымызда бар.
Венчурлық инвестиция стратегиясы біздің басты бағытымыз болып қала береді. Қазіргі таңда портфелімізде финтех, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және басқа салалардағы инновациялық өнімдерді дамытатын 30-дан астам стартап бар – біз оны әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отырмыз.
English