2024 ж. 30 мамыр

Raison Astana венчурлік клубының жылдығында

Astana Hub Халықаралық технологиялық паркінде салтанатты шара өтті

Raison Astana венчурлік клубының жылдығында

Astana Hub Халықаралық технологиялық паркінде Astana венчурлік клубының жылдығына орай салтанатты шара өтті. Клуб – келешегі зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құю мен қолдау көрсетуді мақсат еткен бизнес-періштелер қауымдастығы.

Іс-шараға инвесторлар, бизнес-қоғамдастық көшбасшылары, венчурлік капитал мен инвестиция саласының кәсіби мамандары, меценаттар, және Қазақстан IT саласының өкілдері қатысты.

"Бизнес-періштелердің инвестициясы стартаптардың жедел масштабталуын және жаңа нарықтарға шығуын қамтамасыз етеді. Ең алдымен, инвесторларға IT, финтех және жасанды интеллект (AI) жобалары тартымды. Бұл жерде инвесторлар мен стартап иелері ғана емес, олардың өнімдерін пайдаланушылар да табыс таба алады. Өткен жылы біз Бизнес-періштелер мектебінің екі легін ұйымдастырып, шамамен 100 адамды оқыттық. Клубтың бизнес-періштелері бірнеше мәміле жасады. Қазіргі таңда клубта стартаптарды қаржыландыратын 40-қа жуық белсенді қатысушы бар." Нұрасыл Жарбасов, Astana венчурлік клубының негізін қалаушысы және басшысы

Іс-шара аясында "Венчурлік инвестициялардың қазіргі үрдістері мен келешегі: Жасанды интеллекттің ықпалы және сәттіліктің критерийлері" атты панельдік сессия өтті. Сессияны BGlobal Ventures компаниясының бас директоры Абай Абсамет жүргізді, спикерлер қатарында: Astana Hub басқарушы директоры Танат Үскенбаев, халықаралық инвестициялық компания Raison-ның негізін қалаушысы әрі басқарушы серіктесі Андрей Березин, сондай-ақ бизнес-періштесі Елжан Күшекбаев болды.

Спикерлер IT саласындағы жаңа тенденциялар мен стартап жобаларын масштабтауда венчурлік қорлардың рөлін және маңызын талқылады. Өз кезегінде, Astana венчурлік клубы Astana Hub және BGlobal Ventures серіктестігі арқылы стратегиялық жоспарларын жариялады. Бұл бірлескен күш-жігер қазақстандық стартаптарға халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік бермек.

Дереккөз: DKNews

Бұл мақала пайдалы болды ма?
4393 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.