Rubrik Laminar компаниясын сатып алды
Мәміле сомасы әлі жария етілген жоқ, БАҚ-та 100-250 миллион доллар деп хабарлануда
Деректерді қорғау платформасы болып табылатын Rubrik компаниясы киберқауіпсіздік саласындағы Laminar стартапын сатып алды. Мәміле сомасы әлі жарияланған жоқ, ақпарат көздеріне сәйкес БАҚ-та 100-250 миллион доллар аралығында деп көрсетілген.
Аталған сатып алу Rubrik компаниясына клиенттерге кең ауқымды қызметтер мен бірлескен шешім ұсынуға, сондай-ақ табысын арттыруға мүмкіндік береді. Келісім шарттары бойынша Rubrik Laminar-дың барлық активтерін, оның ішінде технологиялары мен келісімшарттарын иеленеді.

Rubrik, сондай-ақ, Laminar-дың Тель-Авивтегі кеңсесі негізінде осы қалада ҒЗТКЖ (R&D) орталығын ашады. Қазіргі таңда Rubrik-тің ғылыми-зерттеу орталықтары АҚШ-тың Пало-Альто және Үндістанның Бангалор қалаларында орналасқан.
Бұған дейінгі БАҚ-тағы хабарламаларға сәйкес Rubrik компаниясы 2024 жылы IPO өткізуге ниетті және инвестициялық банктермен жұмыс істеп жатыр. Laminar компаниясын сатып алу — Rubrik-тің IPO-ға дайындық қадамдарының бірі.
Raison платформасы арқылы Rubrik-ке IPO-ға дейін инвестиция салыңыз.
English