Нарық сарапшыларынан дағдарыс кезіндегі инвестицияға арналған 9 банал емес идея
Raison Asset Management басқарушы серіктесі Андрей Березиннің түсіндірмесі

"Біз клиенттерімізге коронавирус салдарынан акциялары құлдыраған америкалық компанияларға назар аударуды ұсынамыз. Бұған дейін олардың жоғары құны орта мерзімді перспективада елеулі табыс көрсетуге мүмкіндік бермейтін. Дағдарыс бұл акцияларды қолжетімді әрі табысты етті. Дегенмен тек жағдайдан жылдам қалпына келе алатын компанияларға инвестициялау құпталады. Оларға The Walt Disney Company және Burger King брендінің иесі Brands International Inc. жатады. Disney тақырыптық саябақтарын жабу және кино премьераларын кейінге қалдыру себебінен шығынға ұшырады, бірақ бейне контентіне сұраныс бар. Disney+ стриминг сервисінің аудиториясы Netflix-тен де жылдам өсуде, қазірдің өзінде 50 миллионнан астам жазылушысы бар. Саябақтар мен кинотеатрлар қайта ашылған кезде Disney акциялары өседі. Restaurant Brands International Inc. компаниясының бизнесі көптеген мейрамханалармен салыстырғанда азырақ зардап шекті. Burger King жеткізу қызметін бұрыннан дамытып келеді. Burger King drive-thru қызметі де бар. Пандемиядан кейін түрлі елдерде тұтынушылардың сатып алу қабілеті кірістің төмендеуінен азаяды, демек, үйден тыс орындардағы ең қолжетімді тағам ретінде фастфуд сұранысқа ие болады. Биыл бұл нарық 690 миллиард доллардан асады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш төмендеуі мүмкін, бірақ маңызы сақталады. Осы нарықта Restaurant Brands International Inc. (McDonald's, Starbucks компанияларымен салыстырғанда) жақсы позицияда – шын мәнінде, біз оны бағаланбаған деп санаймыз".
Толық материалды fintolk.pro сайтынан оқи аласыз.