Егер сіз Tesla сатып алудан қорықсаңыз, электркөліктерге қалай инвестиция салуға болады
Андрей Березин – Raison Asset Management басқарушы серіктесі.

Бүгінгі таңда электркөліктер әлемдік жолаушылар көліктері нарығының небәрі 4% ғана құрайды, деп хабарлайды EV-Volumes. Бірақ өткен жылдың көрсеткіштері мен сарапшылардың болжамдары бұл нарықтың үлесі өсетінін көрсетеді. 2020 жылы жаһандық жолаушылар көлігі сатылымы 14%-ға төмендеді, ал электр және гибрид көліктер нарығы (яғни, электр және бензин қозғалтқыштары бар көліктер) 43%-ға өсті.
Deloitte болжамы бойынша, 2030 жылға қарай электркөліктердің сатылымы он есе өсіп, автокөлік нарығының үштен бірінен көбін құрайды. Компания сарапшылары мұны іске асыратын төрт факторды атап өтеді.
Бұл тек экологиялық өмір салтын қалау ғана емес. Электркөліктер өте тыныш жұмыс істейді, жылдам үдейді және оларды пайдалану арзан: техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді талап ететін бөлшектері аз. Көптеген елдерде электр қуаты бензинге қарағанда арзанырақ, сондықтан тұтынушылар шығынды үнемдейді.
Дегенмен, электркөліктердің құны әлі де іштен жану қозғалтқышы (ІЖҚ) бар көліктерден жоғары. Бұл сұранысты тежеп отыр. Алайда технология дамыған сайын және өндіріс қуаты артқан сайын, электркөліктердің бағасы төмендейді. 2020 жылдың екінші жартысында Қытайдағы ең көп сатылған электркөлік – Wuling HongGuang Mini EV болды, оның құны небәрі $4 500. Екінші орында тұрған Tesla Model 3 бағасы – $39 000. Әрине, Tesla техникалық сипаттамалары бойынша жоғары, алайда тұтынушылар үшін баға негізгі шешуші фактор болып қала береді.
Толық материалды secretmag сайтынан оқи аласыз.