Шақыру
2022 ж. 14 қараша

Жаңа Raison таныстырылады

Компания бірігуі, брендтің жаңа келбеті, жаңа функциялар және тағы басқа!

Жаңа Raison таныстырылады

Көпшілігіңіз білетіндей, Raison қосымшасы АҚШ-тың SEC тарапынан реттелетін Raison Asset Management қорының қолдауымен жұмыс істейді. Raison қосымшасы жеке компаниялардың бөлшек акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді, бұл аккредиттелмеген инвесторлар үшін де әртараптандырылған венчурлік портфель қалыптастыруға жол ашады, ал Raison Asset Management ауқатты клиенттер мен HNWI-ге қызмет көрсетеді.

Бүгін біз екі компанияны бір брендпен және жаңа визуалды келбетімен біріктірудеміз.🥳

SpaceX акцияларын DLT-де сатылымға шығарған 2019 жылдан бері Raison мобильді қосымшасы жеке технологиялық алып компанияларға — ConsenSys, Kraken, Neuralink және басқаларға бірнеше рет түртіп инвестициялаудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

Бөлшек акциялар арқасында кіру шегі бар болғаны бірнеше АҚШ долларына дейін төмендеді, осылайша қолданушылар кез келген сомамен әртараптандырылған венчурлік портфель жинақтай алады. Бірігу аясында Raison-ның жаңа миссиясы — бай және ауқатты инвесторлар үшін түрлі инвестициялық құралдар ұсыну арқылы әл-ауқатты басқару нарығын түрлендіру.

Енді Raison қосымшасының ауқатты пайдаланушылары эксклюзивті венчурлік капитал мен жеке меншік капитал операцияларына қол жеткізіп, сондай-ақ үшінші тараппен бірлескен шоттарды пайдалана алады. Бұл арқылы жекеменшік активтер менеджерлерімен, қаржылық және салықтық кеңесшілермен тиімді жұмыс істеуге болады (соңғы құрал әлі даму кезеңінде).

"Қазіргі қаржы нарығындағы белгісіздік жағдайында, инвесторларға өздерінің қаржылық жағдайын кешенді түрде бағалап, саналы инвестициялық шешімдер қабылдауға көмектесетін шешімдер аса қажет. Біз осындай құралды енгізуге ұзақ уақыт бойы дайындалып келдік. Команда бизнес біріктіру үдерісін барынша жеңіл әрі тиімді іске асыру үшін көп еңбек етті. Әлемдегі барлық негізгі индустриялар қызметтерінің цифрлануы, ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын белсенді түрде дамытып жатыр. Біз де осы озық үрдісті жалғастыра береміз."

Алекс Зайцев

Raison қосымшасының CEO және негізін қалаушысы

Жаңарған нұсқа жаңа функциялармен қатар, пайдалануға ыңғайлы әрі жетілдірілген интерфейс ұсынады. Барлық өзгерістер жүзеге асырылу және кейбір функциялар тестілеу кезеңінде. Біз осы жолда көп нәрсе еңсердік және Raison үшін болашақтың қандай болатынына қуаныштымыз!

Ізімізден қалмаңыздар! 🤗

Бұл мақала пайдалы болды ма?
873 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.