Raison мен Equium қауымдастығы мүшелерінің кездесуі қалай өтті?
Венчурлік инвестициялар, облигациялар және құрылымдалған ноталар

28 қарашада Raison-ның негізін қалаушы Андрей Березин Equium іскерлік қауымдастығы мүшелерімен кездесіп, инвестициялық шешімдер ұсынды. Іс-шарада капиталыңызды тиімді басқаруға дайын табысты кәсіпкерлер мен инвесторлар бас қосты.
Презентацияда келесі тақырыптар қаралды:
- Әлсіреген теңгенің сараптамасы және капиталды қорғауға арналған мүмкін валюталар;
- Облигацияларға инвестициялау стратегиялары, кредиттік рейтингтердің рөлі және облигация таңдауда жіберілетін басты қателіктер;
- Акциялар дегеніміз не және осы қаржылық құралға тиімді инвестиция салу жолдары;
- Венчурлік инвестициялар, «единорог» стартаптар, нарық секторларының әлеуетін қалай бағалау керек;
- Құрылымдалған ноталар дегеніміз не және Raison портфелінен мысалдар арқылы нотаның параметрлері.
Іс-шара еркін диалог форматында өтті, бұл әрбір қонаққа құнды ақпарат алуға және сарапшыларға өзекті сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік берді.
Raison-ның Equium іскерлік қауымдастық мүшелеріне жасаған таныстырылымы инвестициялар бойынша нәтижелі диалогтың бастамасы болды. Барлық қатысушыларға қызығушылықтары мен жылы атмосфера үшін алғыс айтамыз.
Технологиялық жеке компаниялардың акцияларын бізбен бірге сатып алғыңыз келе ме? Байланысу үшін осында
Ескертпе: «Сауда белгісі тек ақпараттық мақсатта қолданылады және қолдау немесе серіктестік білдірмейді. Сонымен қатар, бұл хабарламаның мазмұны тек ақпараттық сипатта болып табылады және ешқандай бағалы қағаздарды сатып алуға ұсыныс немесе сатуға, жазылуға не сатып алуға шақыру емес".