Raison International Investment Awards беде финалға іріктелді
Компания екі санат бойынша финалға іріктелді: Үздік финтех инновациясы және Финтех саласындағы озықтық.

Кейінгі кезеңдегі венчурлық инвестицияларға арналған финтех платформа Raison International Investment Awards сыйлығының номинанты атанды. Сонымен қатар, Raison екі санат бойынша финалға іріктелді: Үздік финтех инновациясы және Финтех саласындағы озықтық.
Аталған марапаттар 1999 жылы Ұлыбританияның wealth management саласына маманданған International Investment бұқаралық ақпарат құралымен негізі қаланған және саладағы ең беделді марапаттардың бірі саналады. Жеңімпаздар 6 қазан күні жарияланады.
Raison – $1-ден басталатын кейінгі кезеңдегі венчурлық мәмілелерге инвестиция салуға арналған мобильдік қосымша және финтех платформа. Инвесторлардың реестрі мен активтер бойынша барлық транзакциялар blockchain технологиясында жүргізіледі, бұл төменгі минималды шектеуді қамтамасыз етеді. Қосымшаның 30 мыңнан астам пайдаланушысы бар.