Шақыру
2024 ж. 21 қазан

Жалған AI стартапын шынайы инновациядан қалай ажыратуға болады?

Кәсіби инвесторларға арналған 4 критерий

Жалған AI стартапын шынайы инновациядан қалай ажыратуға болады?

AI-ға деген қызығушылықтың қызу кезінде көптеген технологиялық стартаптар қағаз жүзінде ғана инновациялық болып шығады. Ендеше, шынайы инновациялық AI стартаптарын тек инновациялық көрінуге тырысатындардан қалай ажыратуға болатынын қарастырайық.

Нағыз технологиялардың болуы

Инновациялық компания нақты мәселелерді шешетін, дайын өнімдерді ұсынатын және олар шынайы өмірде белсенді түрде пайдаланылатын компания болып табылады. Мысалы, OpenAI-дің ChatGPT-і күнделікті өмірде, бизнесте және білім беруде кең қолданылады. Немесе Groq-тың LPU және API бұлты өз қолданбаларын құрғысы келетін әзірлеушілер арасында қолданылады. Ал жалған компания болса, медиа көп шу шығаратын болуы мүмкін, бірақ нақты технологиялармен мақтана алмайды.

Инвесторлардың қолдауы мен қаржыландыру

Қаржыландыру раундтары стартаптар үшін маңызды индикатор болып табылады. Ірі инвесторлар инвестиция салмас бұрын егжей-тегжейлі сараптама жүргізеді. Бірнеше раундта тартылған қомақты қаражат пен беделді инвесторлар компанияның сенімділігін көрсетеді. Керісінше, қаржы тартудағы қиындықтар мен аз танымал инвесторлардың қатысуы неғұрлым жоғары тәуекелді білдіреді.

Ашықтық

Тұжырымдамасы қарапайым. Инновациялық компаниялар әлеуетті инвесторлар мен болашақ клиенттерді тарту үшін барлық негізгі ақпаратты – зерттеулер, техникалық құжаттама, патенттер, AI саласындағы басқа компаниялармен бірлескен жобаларды және басқа да деректерді ашық жариялайды. Олар өз технологияларының жұмыс істеуін көрсетуге және оның тиімділігін дәлелдеуге дайын.

Ал күмәнді компаниялар ғылыми жетістіктері туралы мәліметтерді жасырады, себебі көбіне олардың технологиясы шынымен жұмыс істемейді.

Заңдар мен этикалық стандарттарға сәйкестік

Инновациялық стартаптар AI саласындағы этикалық стандарттарды сақтайды, өнімдерінде ашықтық пен жауапкершілік принциптерін енгізеді. Олар өнімінің қоғамға пайдалы болуына және реттеуші талаптарға сай болуына ұмтылады, санкцияларға ұрынбауға тырысады.

Ал жалған AI стартаптары этикалық стандарттарды жиі бұзады, кейде заң талаптарын да елемеуі мүмкін.

Біздің тәжірибеміз

Raison стартаптарға инвестициялау кезінде ерекше мұқияттылық танытады. Біз жоғарыда аталған және басқа да критерийлерге негізделген кешенді сараптама жүргіземіз. Бұл тәсіл біздің портфеліміздегі компаниялардың тұрақты өсуіне және IPO-ға сенімді қадам басуына мүмкіндік береді.

Anthropic

2023 жылдың мамырында Raison Anthropic компаниясының С сериялы раундына қатысып, 1,5 млн доллар инвестиция салды. 2023 жылдың желтоқсанында нарық жағдайының кешенді талдауынан кейін компания акцияларының 87% екінші нарықта сатып, 8 айда 189% табысқа қол жеткіздік. Қалған 13% акция 2024 жылдың қыркүйегінде сатылып, жалпы табыс шамамен 270% болды. Бұл мысал біз үшін инвестицияны дұрыс уақытта салып қана қоймай, одан шығудың сәтті уақытын да дұрыс анықтай алғанымызды көрсетеді.

Scale AI

2023 жылдың қыркүйегінде біз Scale AI-дың екінші нарықтық раундына қатыстық. Компания F сериясында 1 млрд доллар тартты. Бұл жетістік компанияға және оның болашағына инвесторлардың зор сенімін көрсетеді. Бұл раундқа қатысуымыз – AI көшбасшыларын таңдаудағы стратегиялық тәсілімізді көрсетеді.

Қорытынды

AI секторы – бүгінде ең перспективалы инвестициялық бағыттардың бірі. Дегенмен, инвесторлар барынша сақ болуға және компанияларды терең талдауға тиіс, сонда ғана құр жобаларға инвестиция салудан аулақ бола алады. Айқын іріктеу критерийлерін қолдану тәуекелді төмендетіп, нағыз технологиясы мен ұзақ мерзімді әлеуеті бар стартаптарды анықтауға көмектеседі.

Жеке технологиялық компаниялардың акцияларын бізбен бірге сатып алғыңыз келе ме? Wealth және Growth шот жоспарларымен танысыңыз, бұл сізге эксклюзивті венчурлік мәмілелерге қатысуға мүмкіндік береді!

Ескерту: «Тауар белгісін қолдану тек ақпараттық мақсатта және ешқандай қолдау немесе серіктестік білдірмейді. Сондай-ақ, осы хабарламадағы ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген және бағалы қағаздарды сатып алу немесе сатуға ұсыныс болып табылмайды».

Бұл мақала пайдалы болды ма?
224 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.