Ескерту: 2025 жылғы қаңтардағы купондық төлемдер
Автокал, Жады әсері және Төлемдер

Қыркүйек айында біз #Noted сериясын іске қостық, ол Raison-ның негізгі өнімдерінің бірі – құрылымдалған ноталарға арналған. Біз құрылымдалған ноталар бойынша жаңалықтармен, төленген купондармен, төлем сомаларымен және өзге де маңызды ақпаратпен тұрақты түрде бөлісеміз.
Қаңтардағы купондық төлемдер жөніндегі жаңалықтар төменде.
Жартылай өткізгіштер секторы (SMCI, QCOM, AMD, ENPH)
- Купондық мөлшерлеме: жылына 16%
- Инвестиция сомасы: $100,000*
- ISIN: XS2697202559
Қаңтардағы бақылау күнінде негізгі активтердің бірі (SMCI) купондық барьерден төмен болғандықтан, купон төлемі жүзеге асырылмады. Дегенмен, Жады әсерінің арқасында бұл купон сақталып, келесі бақылау күнінде активтердің ешқайсысы купондық барьерден төмендемесе, төленеді.
Киберқауіпсіздік секторы (FFIV, PLTR, CSCO, CRWD)
- Купондық мөлшерлеме: жылына 14%
- Инвестиция сомасы: $100,000*
- ISIN: XS2697202633
Құрылымдалған нота мерзімінен бұрын автокалмен өтелді. Үш бақылау күнінің қорытындысы бойынша инвестордың жалпы табысы $10,500 құрады және автокалдан кейін бастапқы инвестиция қайтарылды. Осыдан кейін клиент портфелінің сомасы $110,500 құрады.
Табиғи ресурстар секторы (MP, KGC, ALB, RIO)
- Купондық мөлшерлеме: жылына 13.6%
- Инвестиция сомасы: $100,000*
- ISIN: XS2697202989
Қаңтар айында 3.4% купон төлемі $3,400 құрады. Үш бақылау кезеңіне (2024 жылдың шілде және қазан айлары, 2025 жылдың қаңтары) инвестордың жалпы табысы $10,200-ға жетті. Кліент портфелінің құны енді $110,200.
Электромобильдер секторы (Li Auto, XPeng, TSLA)
- Купондық мөлшерлеме: жылына 23%
- Инвестиция сомасы: $100,000*
- ISIN: XS2697198930
Жады әсері нақты көрінген үлгі. 2024 жылғы сәуір және шілде бақылау күндерінде XPeng купондық барьерден төмен болғандықтан төлем жасалмаған. Дегенмен, қазанда үш еселенген купон — 5.75% мөлшеріндегі төлем $17,250 пайда әкелді. Қаңтарда 5.75% купондық төлем $5,750 қосылды. Жалпы алғанда, инвестор $23,000 табыс тапты. Клиент портфелінің ағымдағы құны — $123,000.
*Минималды келісім сомасы
Көбірек білгіңіз келе ме? Осы мәмілелер туралы толық ақпарат алу үшін бізге осында хабарласыңыз.
Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл қаржылық хабарландыруды Raison Securities Limited жариялайды, ол AFSA лицензиясы негізінде (№ AFSA-A-LA-2023-0004) брокерлік және дилерлік қызметтер көрсетуге, инвестиция бойынша кеңес ұсынуға, және AIFC аясында инвестициялық мәмілелерді ұйымдастыруға өкілетті. Бұл материал ақпараттық мақсатта берілген және нақты бағалы қағаздарға, секторларға немесе сауда стратегияларына қатысты кеңес немесе ұсыным болып табылмайды. Инвестициялар белгілі бір тәуекелдерге ие және негізгі қаражатты жоғалту қаупін қамтиды. Шешім қабылдамас бұрын кәсіби кеңес алыңыз. Толығырақ біздің сайтта: raison.app