Raison алғашқы Raison Cup теннис турнирін өткізді
27-28 сәуір күндері Maksat теннис кортында әуесқойлар үшін Raison Cup жұптық турнирі өтті, онда өз шеберлігі мен спорттық ептілігін көрсетуге ұмтылған 19 жұп жиналды.

27-28 сәуір күндері Maksat теннис кортында әуесқойлар арасында Raison Cup жұптық турнирі өтті, онда өз шеберлігі мен спорттық ептілігін көрсетуге ұмтылған 19 жұп бақ сынады. Іс-шараға инвестициялық компания Raison белсенді қолдау көрсетті, бұл спорт пен бизнестің байланысының маңыздылығын ерекше көрсетті.
Шараға Raison компаниясының басқарушы директоры Андрей Березин қатысты. Ол турнирді қолдаумен қатар, қатысушыларға өз сөздерімен шабыт берді:
"Raison инвестициялық компаниясының негізін қалаушылардың бірі ретінде, осындай іс-шараны қолдау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Спорт бізді біріктіреді, шабыттандырады және биік мақсаттар қоюға әрі соларға жетуге мүмкіндік береді. Барлық қатысушыларға корттағы сәттілік тілеймін. Сіздердің шеберліктеріңіз бен теннис ойындарына деген құштарлықтарыңыздың арқасында әрбір матч қызықты әрі ұмытылмас болмақ." – деп түйіндеді Березин.
Турнир аймақтағы теннис жанкүйерлерінің үлкен қызығушылығын тудырып, осы спорт түрінің кең таралуына ықпал етті. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар турнир жыл сайын өтіп, ересектер мен жастар арасында теннистің дамуына үлес қосады деген үміт білдірді.
Дереккөз: Almaty.kz