Шақыру
2024 ж. 25 қаңтар

Біз жұмысқа қабылдап жатырмыз!

Маркетинг және сату департаменттері сізді күтуде!

Біз жұмысқа қабылдап жатырмыз!

Халықаралық командаға қосылыңыз! Қазіргі уақытта біз сатылым және маркетинг департаменттеріне 3 қызметкер іздейміз:

Инвестиция менеджері

Міндеттері:

  • Жеке жоғары капиталды (HNWI) клиенттерді тарту, инвестициялық өнімдер мен кеңестік қызметтерді барлық активтер кластары бойынша сату, негізінен жеке меншік капитал (pre-IPO), қарыздық құралдар және құрылымдалған өнімдерге бағдарлану;
  • HNWI клиенттеріне арналған жеке инвестициялық шешімдерді әзірлеу және кеңес беру;
  • Клиент портфельдерін үнемі қайта қарау, соның ішінде нақты тәуекел деңгейінің жоспарланған деңгейге сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты құру және қолдау, сапалы қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету;
  • KYC және due diligence рәсімдері мен стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында Сәйкестік (Compliance) бөлімімен өзара әрекеттесу.

Талаптар:

  • Қаржы саласында осыған ұқсас лауазым бойынша жұмыс тәжірибесі;
  • Инвестициялық өнімдер, қаржы нарықтары мен экономикалық үрдістерді терең түсіну;
  • Жеке клиенттермен жұмыс тәжірибесі;
  • Сәтті сату тәжірибесі;
  • Ағылшын тілінің кемінде ортадан жоғары деңгейде болуы;
  • Тиісті жоғары білім артықшылық болып саналады;

Жұмыс шарттары:

  • Астана қаласындағы кеңседе жұмыс, 10:00-19:00 кестесі, 5/2;
  • Жоғары бонус компоненті;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;
  • Кәсіби және мансаптық өсуге мүмкіндік;
  • Мобилды байланысты өтеу;

Өтініш беру: түйіндемеңізді жіберіңіз

PR-менеджер

Міндеттері:

  • Компанияның коммуникациялық стратегиясының дамуына және іске асуына үлес қосу.
  • Коммуникация арқылы компанияның танымалдығын және стейкхолдерлердің (журналистер, ой көшбасшылары, клиенттер және т.б.) адалдығын арттыру.
  • Ақпарат ағынын анықтау және жасау. Пресс-релиздер, мақалалар, колонкалар, пікірлер және өзге де материалдар жазу.
  • Бұл материалдардың Қазақстан мен одан тысқары жетекші бизнестік БАҚ-та жариялануын ұйымдастыру (материалды дайындауға копирайтердің көмегі мүмкін).
  • Қажетті іс-шараларды, видео және аудио подкасттарды анықтап, компания топ-менеджерлерінің спикер ретінде қатысуын ұйымдастыру.
  • Компанияның өз іс-шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесу (бизнес-таңғы астар, кештер және т.б.).
  • Telegram-арналар, блогерлер, ой көшбасшыларымен ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізу.
  • Топ-менеджменттің жеке брендін дамыту.
  • Медиа кеңістікті және компанияның позициясын, оның ішінде бәсекелестерге қатысты позициясын талдау.
  • Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің барлығын компанияның бизнес мақсаттарына сай, "вакуумда емес" орындау.

Талаптар:

  • PR, медиасала немесе журналистикада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, қалаулысы — қаржы, инвестиция, стартап, бизнес, экономика және технология саласында. Жарияланымдар/кейстер портфолиосының болуы.
  • Қазақстан мен Орталық Азиядағы БАҚ нарығын білу, Еуропа медиарыногын зерттеуге дайын болу, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің жұмыс істеу принциптерін түсіну.
  • Түрлі форматтағы мәтіндерді ақпараттық, логикалық, сауатты әрі беделдік тұрғыдан жазу қабілеті.
  • Шетелдік журналистерге материал жазу және пичинг жасау үшін ағылшын тілінің upper-intermediate деңгейі.
  • Журналистер мен ой көшбасшыларымен бұрыннан қалыптасқан байланыс базасы қалаулы.
  • Қазақ тілін білу артықшылық.

Артықшылықтар:

  • Іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі.
  • Қаржы, инвестиция, бизнес, стартаптар және технологияларға қызығушылық.

Жұмыс шарттары:

  • Алматы/Астана қалаларындағы кеңсе, ішінара қашықтан жұмыс мүмкіндігі бар, бірақ аптасына кемінде 3 күн кеңседе болу және іс-шараларға қатысу міндетті.
  • Жұмыс күні 10.00 – 19.00 аралығында немесе 11.00 – 20.00 аралығында.
  • Сынақ мерзімі — 3 ай.
  • Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін еңбек шартына сәйкес ресімдеу.
  • Тоқсан сайын KPI нәтижелеріне байланысты бонус.
  • Білім алуға мүмкіндік, оқу құнының бір бөлігін компания көтереді.
  • Қатаң иерархия жоқ, компанияда кез келген мәселеге тікелей басшылықпен талқылап, өз идеяларыңызды ұсынуға болады. Біз белсенділікке қолдау көрсетеміз.

Өтініш беру: түйіндемеңізді жіберіңіз

Копирайтер/контент-менеджер

Міндеттері:

  • Компанияның контент стратегиясын әртүрлі коммуникациялық арналарда (веб-сайт, электрондық пошта, әлеуметтік желілер, TG-арна, лендингтер, вебинарлар және т.б.) әзірлеу және іске асыру.
  • Жаңалықтар, хаттар, блог мақалалары, әлеуметтік желі посттары, жарнамалық мәтіндер жазу және қажет болған жағдайда PR маманға медиалық материалдарды (пресс-релиздер, мақалалар, колонкалар, пікірлер) жазуға көмек беру.
  • Презентациялар үшін контент дайындау.
  • Мәтіндерді орыс тілінен ағылшын тіліне және керісінше аудару, сайттағы автоматты аудармаларды редакциялау.
  • Барлық міндеттерді компанияның бизнес мақсаттарына сәйкес, "вакуумда емес" орындау.

Талаптар:

  • Жазбаша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл, қалаулысы — қаржы, инвестиция, стартап, экономика, бизнес және технология салаларында. Жарияланымдар портфолиосының болуы.
  • Веб-сайттар, медиалар мен әлеуметтік желілердің жұмыс істеу принциптерін білу.
  • Қажетті ақпаратты компания қызметкерінен және беделді ашық дереккөздерден ала білу, оны тексеріп, менеджментпен, комплаенспен келісу қабілеті.
  • Зерттеу жүргізу, ақпаратты талдау және оны мәтінде қолдана білу дағдысы.
  • Түрлі форматтағы мәтіндерді ақпаратты, логикалық, сауатты әрі компания дамуына септігін тигізетін әдіспен жазу қабілеті.
  • Қазақ және ағылшын тілдерін білу (ағылшын тілі — Upper-Intermediate деңгейінде).

Артықшылықтар:

  • Қаржы, инвестиция, экономика, стартаптар және технологияларға қызығушылық.
  • Веб-сайттың контент арқылы SEO-оптимизациясын жасау тәжірибесі. CRM-мен жұмыс істеу тәжірибесі.
  • Telegram-арналар мен әлеуметтік желі аккаунттарын жүргізу тәжірибесі.
  • Нейрон желілерін қолдана білу.

Жұмыс шарттары:

  • Алматы/Астана кеңсесі, аралас жұмыс графигі мүмкін.
  • Жұмыс күні 10:00-19:00 немесе 11:00-20:00.
  • Сынақ мерзімі — 3 ай.
  • Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін еңбек шарты бойынша ресімдеу.
  • Тоқсан сайынғы KPI нәтижелері бойынша бонус.
  • Оқыту мүмкіндігі, оқу құнының бір бөлігін компания төлейді.
  • Қатаң иерархия жоқ, компанияда кез келген мәселені тікелей басшылықпен талқылап, өз идеяңызды ұсынуға болады. Біз белсенділікке ықпал етеміз.

Өтініш беру: түйіндемеңізді жіберіңіз

Бұл мақала пайдалы болды ма?
420 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.