Raison Cohere компаниясына 1,2 миллион доллар инвестиция салды
Бұл шамамен 595 миллион теңгеге тең

Raison жасанды интеллект саласында қарқынды дамып келе жатқан Cohere компаниясына 1,2 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Акциялар бұрынғы акционерден тікелей сатып алынып, Raison-ның Cohere компаниясының акционерлер тізіміне ресми тіркелуіне мүмкіндік берді. Cohere кәсіпорын секторына арналған ауқымды тілдік үлгілерді (LLM) әзірлейді және деректер мен технологиялармен жұмыс жасау тәсілін түбегейлі өзгертетін шешімдер ұсынады. Оның өнімдері қаржы, денсаулық сақтау және алдыңғы қатарлы технологиялар секілді маңызды салаларда қолданылады. Cohere-дің инвесторлары қатарында NVIDIA, Oracle және Salesforce Ventures секілді әлемдік көшбасшы компаниялар бар. Тәуелсіз жасанды интеллект шешімдерін ұсынушы ретінде Cohere болашақ технологиялық дәуірдің іргетасын қалауда маңызды рөл атқарады. Бұл инвестиция Raison-ның технологиялық трансформация мен ұзақ мерзімді өсімнің алдыңғы шебінде орналасқан сапалы активтерге экслюзивті қолжетімділік беру стратегиясын көрсетеді. Компания капиталына тікелей мәміле арқылы қатысу – капиталды тұрақты түрде көбейтуге ұмтылатын инвесторлар үшін бірегей мүмкіндіктерді таңдап алудағы Raison-ның ұстанымын тағы бір рет дәлелдейді.
Жеке технологиялық компаниялардың акцияларын бізбен бірге сатып алғыңыз келе ме? Эксклюзивті венчурлік келісімдерге қолжетімділік ұсынатын Wealth және Growth шоттарымен танысыңыз!
Ескерту: «Тауар белгісін қолдану тек ақпараттық мақсатта және мақұлдау немесе серіктестікке нұсқайтын мағына білдірмейді. Бұл хабарламадағы ақпарат тек ақпараттық мақсатта берілген және ешқандай бағалы қағаздарды сатып алу немесе сатуға ұсыныс болып табылмайды».