Қазақстандық инвесторлар Neuralink-ке 2 миллион доллар инвестиция салды — Андрей Березин пікір білдірді
Стратегиялық ойлау басты құрал

Қазақстандық инвесторлар Иллон Маск негізін қалаған Neuralink стартапына 2 миллион доллар инвестиция салды. Компания адам миын компьютермен тікелей байланыстыратын жоғары технологиялық құрылғылар әзірлеуде. Бұл интерфейстер сал, эпилепсия сияқты неврологиялық ауруларды емдеуге, сондай-ақ когнитивті функцияларды жақсартуға мүмкіндік береді.
Neuralink бірегей өнімі арқасында қарқынды өсім әлеуетіне ие. Компания әлемдік ірі инвесторлардың назарын аударды және даму қарқынын тұрақты көрсетіп келеді.
«Қазақстандық инвесторлар үшін Neuralink-ке инвестиция салу – инвестициялық портфельді стратегиялық әртараптандыруға мүмкіндік береді. Алдыңғы қатарлы технологиялық стартаптарға инвестициялау тәуекелдерді төмендетумен қатар, жылдам өсіп келе жатқан нарық сегментінде елеулі даму және өсу перспективасына қатысуды қамтамасыз етеді», — дейді Raison инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Андрей Березин.
2024 жылдың қаңтарында Neuralink алғашқы еріктіге чипті сәтті орнатты. Аризона тұрғыны Ноланд Арбо жол апатынан кейін сал болып, иықтан төмен ешнәрсе сезбейтін еді. Отадан кейін ол компьютерлік ойындарды «ой күшімен» ойнай бастады және өз әрекеттерін трансляциялады. Алайда, Арбоның миына орнатылған кейбір сымдар әлсіреп, сигналдарды оқи алмай қалды. Бұл құрылғыны миынан алып тастаудан басқа амал қалдырмады. Соған қарамастан, компания құрылғыға өзгертулер енгізіп, оның жағдайын жақсарта алды.
Жеке технологиялық компаниялардың акцияларын біздің көмегімізбен сатып алғыңыз келе ме? Wealth және Growth шоттарымен ерекше венчурлік мәмілелерге қол жеткізіңіз!
Ескерту: «Бұл сауда белгісі ақпараттық мақсатта ғана көрсетілген және оның мақұлдануын немесе бірлескен жұмысын білдірмейді. Сонымен қатар, осы хабарламадағы ақпарат тек ақпараттық мақсатта ұсынылған және ешқандай құнды қағаздарды сатып алуға ұсыныс немесе оларды сатуға, жазылуға, сатып алуға шақыру болып табылмайды.»