Raison Anthropic акцияларынан 270% табыс тапты
Қалған 13% акция сатылғаннан кейін

Raison Investment Holding Anthropic компаниясындағы қалған 13% акциясын сатты. Клиенттердің шоттарына қаражат аударылды. Екінші мәміле бойынша алғашқы инвестициялардан түскен табыс шамамен 270% құрады.
Еске салсақ, 2023 жылдың мамыр айында Raison Anthropic компаниясының Series C раундына қатысып, $1,5 млн сомасында үлес сатып алған болатын. 2023 жылдың желтоқсанында клиенттердің келісімімен Raison Anthropic акцияларының 87%-ын екінші нарықта сатты. Қалған 13% Raison балансында компанияның даму барысын әрі қарай қадағалау үшін сақталған еді.
Anthropic жасанды интеллектіні дамытуда жетекші компаниялардың бірі саналады. Компанияның басты өнімі – Claude Sonnet 3.5 чат-боты.