2024 жылдың ең перспективалы 3 жасанды интеллект компаниясы
Forbes-тың дерегі бойынша

2024 жылы жасанды интеллект компанияларының неге осыншалық танымалдыққа ие болып жатқанын түсіндірудің қажеті жоқ. ЖИ өміріміздің барлық салаларын тез бағындыруда: мектептегі эсседен бастап, банк шешімдеріне дейін. Міне, Forbes-тың AI 50 тізіміне сәйкес 2024 жылғы ең перспективалы 3 жасанды интеллект компаниясы.
AI 50 дегеніміз не
Ең алдымен: AI 50 дегеніміз не? Forbes жыл сайын тізім жасайтын ең перспективалы жасанды интеллект стартаптарының рейтингісі. Қатысу құны — тегін. Қатысу үшін компаниялар Forbes-қа өтінім беріп, негізгі көрсеткіштерді ұсынады: табыс тарихы, бағалау, бизнес-модель және ЖИ қолдану түрі. Forbes кейін Sequoia мен Meritech Capital сынды серіктестермен бірлесіп, тізімді құрастырады. Биыл Forbes-қа 1932 өтінім түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Үздік 3 ЖИ компаниясы
OpenAI – $11.3 млрд
Тізімнің басында (күткендей), жалпы инвестиция көлемі $11.3 млрд болатын OpenAI орналасқан. OpenAI жеке бизнес, білім және мемлекеттік секторды қоса алғанда, көптеген салаларды қамтиды. Клиенттерінің қатарында eBay маркетплейсі, Корнелл университеті және Исландия үкіметі бар.
Anthropic – $7.7 млрд
ЖИ жүйелерін дамытумен айналысатын тағы бір компания — Anthropic. Anthropic-тің Claude 3.5 Sonnet моделі, ChatGPT секілді, презентация жоспарын жазудан бастап, коучинг пен оқуда көмектесуге дейін барлық нәрсеге қабілетті. Компания клиенттері арасында америкалық Bridgewater инвестициялық компаниясы және Boston Consulting Group бар. Anthropic ЖИ қауіпсіздігін белсенді ілгерілетеді: Claude арнайы Конституцияға құрылған және, соның ішінде, адамның зиян шегуіне тыйым салады.
Databricks – $4 млрд
Databricks деректерді талдау және ЖИ енгізу үшін өз бағдарламалық жасақтамасын Shell және АҚШ поштасына сатады.
Жасанды интеллекттің басқа түрлері де қарқын алуда. Мысалы, Anduril қорғаныс технологиялары үшін $2.8 млрд инвестиция тартқан.
Қорытындылай келе, ЖИ-ге инвестиция салу бұрынғыдан да өзекті екенін айта аламыз. Уақыт өте келе жасанды интеллектті дамытатын компаниялар саны арта беретіні сөзсіз.
Жеке технологиялық компаниялар акцияларын бізбен бірге сатып алғыңыз келе ме? Эксклюзивті венчурлық келісімдерге қол жеткізетін Wealth және Growth аккаунт жоспарларымен танысыңыз!
Ескерту: “Бұл тауар белгілері тек ақпараттық мақсатта пайдаланылды және ешқандай мақұлдау не әріптестікке негізделмейді. Қосымша ақпарат үшін, бұл хабарлама тек анықтамалық мақсатта жарияланған және ешбір жағдайда бағалы қағаздарды сатып алуға ұсыныс, не сатуға, жазылуға немесе сатып алуға шақыру ретінде қарастырылмауы тиіс.”