Шақыру
2022 ж. 25 тамыз

2022 жылы назар аударуға тұрарлық ТОП 7 еуропалық стартап

Саланы өзгертуді бастап жатқан стартаптардың рейтингі.

2022 жылы назар аударуға тұрарлық ТОП 7 еуропалық стартап

Пайда болатын стартаптардың көптігі назар аударарлық әрі лайықтыларын табуды қиындатады. Мұнда біздің ойымызша, саланы өзгертуді бастап жатқан 2022 жылдың үздік еуропалық стартаптарын көре аласыз.

Tuum

Эстониялық платформа, 2019 жылы негізі қаланған, 2022 жылды қаңтар айындағы 15 миллион еуролық инвестициямен қарқынды бастады. Стартап банктерге, финтех-компанияларға және дәстүрлі түрде қаржы саласына қатысы жоқ ұйымдарға жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтерді тиімді шығаруға мүмкіндік беретін икемді әрі модульдік бұлттық-платформа әзірлеуде. Оның келесі буындағы негізгі банктік платформасына сұраныс тез өсуде.

Платформа қазіргі таңда әртүрлі салалардағы реттелетін банктер, финтех және ендірілген қаржы шешімдерін пайдаланушылар тізімі артып келеді.

Rolla

Босния және Герцеговинада орналасқан Rolla стартапы пайдаланушыларға далада және үйде жаттығулар жасауды қадағалауға, бәсекеге түсуге және көңілді әрі белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін қосымшалар әзірлейді.

Компания адамның физикалық белсенділігі мен денсаулық көрсеткіштерін бақылап, виртуалды әлемге енгізеді. Негізгі мақсаты – ынталандыру арқылы салауатты өмір салтын ұстану және әртүрлі челлендждарға қатысу.

Жобаның басты мақсаты – басты түрде студенттер арасында, Босния және Герцеговина мемлекетінде, тек залда ғана емес, үйде немесе пәтерде тұрақты түрде жүгіруді немесе үйде жаттығу жасауды әдетке айналдыру.

QUIN

QUIN — Берлинде орналасқан стартап, инвесторларға ұзақ мерзімді инвестицияларға қолжетімділікті жоғарғы қауіпсіздік пен интуитивті кеңес арқылы қамтамасыз ететін инвестициялық кеңес платформасын ұсынады. QUIN еуропалық Open Banking регламентін пайдалана отырып, инвестициялаудың жаңа тәсілін енгізуде.

Бастау үшін қолданушы өзінің ағымдағы банк шотын платформаға байланыстырады, кейін инвестиция жасай алады.

Қосымша бірнеше сұрақ қойып, бірнеше басу арқылы жеке ETF-портфель құрастырылды.

Бүгінге дейін стартап 2020 жылы құрылғаннан бері 1,1 миллион еуро қаржы тартты.

Biopix-T

Biopix-T-ті Джордж Пападакис пен Николаос Викас 2019 жылы құрды. Олар Молекулярлық биология және биотехнология институтының базасында (Foundation for Research and Technology — Hellas) орнында жүргізілетін жылдам медициналық тестілеу (Point-of-Care, POC) құрылғысын әзірлеу үшін жеке компания құрды.

Point-of-Care құрылғылары дәстүрлі зертхана орнына дәрігер кеңсесінде, жедел жәрдемде, қонақүйде немесе ресурсы шектеулі аймақтарда қолданылады.

Қазіргі таңда олар Pebble құрылғысын әзірледі — бұл жоғары дәлдікпен нәтиже көрсететін, мәліметтерді автоматты түрде дерекқорға жіберетін әрі Android құрылғысы арқылы басқарылатын шағын POC-тест орталығы.

Өткен жылы грек стартапы 1,45 миллион еуро тұқымдық инвестиция тапты. Бұл қаржыны Pebble құрылғысының тест өткізу мүмкіндігін жаңа бағыттар мен қоздырғыштарға кеңейтуге жұмсайды.

XFARM

XFARM — 2016 жылы Миланда құрылған стартап. Бүкіл әлемдегі фермерлер қазіргі таңда тұтынушылар алдында дәстүрлі ауылшаруашылық әдістерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын дәлелдеуге мәжбүр.

Ауылшаруашылыққа арналған IoT стартаптың мақсаты — мобильді платформа арқылы нарықты цифрландыру: алаңда орналасқан физикалық датчиктер арқылы жиналған деректер гидратация деңгейінен бастап техниканың жағдайы, арамшөптердің өсуі және дақылдардың нарықтық бағасына дейін жинақталып, сарапталады.

xFarm 2019 жылы United Ventures басшылығымен өткен A раундында 4 миллион доллардан астам инвестиция тартты.

BLINK

2014 жылы құрылып, штаб-пәтері Лондонда орналасқан Blink қосымшасы компанияларға фронт-лайн (кеңсесіз) жұмысшыларға IT, HR, өнімділік, коммуникация және басқа да ресурстарға бірыңғай қолжетімділік беретін платформа ұсынады. Компания интеграция мәселесін тұтынушы компаниясының IT қызметкерінің орнына өзі шеше алады.

Blink-тің клиенттік базасы 2018 жылы іске қосылғаннан бері тұрақты өсуде.

Олар жуырда Next47 жетекшілігімен өткен А инвестициялық раундында 20 миллион доллар тартып, Partech және Techstars секілді ерте кезеңдегі инвесторлардың қолдауына ие болды. Жалпы қаржыландыруы — 30,7 миллион доллар.

Sportifico

Sportifico — Сербияда орналасқан спорттық стартап, спорттық мансабын дамытуға қызығушылық танытқан адамдарға арналған онлайн қауымдастық жасауды мақсат етеді.

Sportifico — барлық жастағы спортшыларға өзара пікір алмасуға, кәсіби тәжірибелер мен қабілеттерін көрсетуге, статистикалық мәліметтерін жариялауға, клубтар мен командаларға іріктеулер мен мүмкіндіктер іздеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік желі.

2017 жылдан бері бұл желі Орталық және Шығыс Еуропа аумағында 13 мыңнан астам қолданушыға ие болды.

Бұл мақала пайдалы болды ма?
530 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.