Шақыру
2021 ж. 16 сәуір

Әлемдік орталық банктердің баланстарының өсуі неге әкеледі?

Андрей Березин – Raison Asset Management басқарушы серіктесі.

Әлемдік орталық банктердің баланстарының өсуі неге әкеледі?

АҚШ пен ЕО орталық банктерінің баланстары 2020 жылы тарихи ең жоғары деңгейге жетті, олар дерлік екі еселенді. ФРЖ мен Еуропа орталық банкінің ақша инъекциялары COVID-19 дағдарысының әсерінен экономиканың одан да терең құлдырауына жол бермеу үшін енгізілді. Бұл шара ішінара өз нәтижесін берді: елеулі қолдау болмаса, пандемияның экономикалық салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Алайда, жағдай қаржы реттеушілері күткендегіден өзгеше дамыды.

Дағдарыс басталғаннан бері ФРЖ АҚШ экономикасына бірнеше триллион доллар құйды. Атап айтқанда, биыл мақұлданған соңғы құтқару пакеті — 1,9 триллион долларды құрады. Сонымен қатар, ФРЖ федералды қор мөлшерлемесін нөлге дейін төмендетті. АҚШ билігі түсінікті мақсатпен әрекет етті — сұранысты ынталандырып, экономиканың құлдырауына жол бермеу. Бұл мақсатқа ішінара қол жеткізілді, бірақ нарық басқаша жауап қатты. Үйінде отырған америкалықтар үкіметтің қаржылай көмегін тауар мен қызметке жұмсаудың орнына, бұл қаражатты қор нарығына салды. Нәтижесінде – корпоративтік табыстардың күрт төмендеуіне қарамастан, қор нарығында бұрын-соңды болмаған өсу байқалды. Салдарынан спред — компаниялардың табыстылығы мен акцияларының құны арасындағы айырмашылық — рекордтық деңгейге жетті. Бұл жағдай қанша уақытқа созылады және одан кейін не болады?

Мақаланың толық нұсқасын Ведомости сайтынан оқи аласыз.

Бұл мақала пайдалы болды ма?
144 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.