Шақыру
2025 ж. 22 қаңтар

Единорогтар: Олар қандай және оларды қалай табуға болады?

Терең талдау

Единорогтар: Олар қандай және оларды қалай табуға болады?

Бұрынғы блог жазбаларымыздың бірінде біз түсіндіргенбіз — единорог дегеніміз $1 миллиардтан аса бағаланған стартап екенін. Бұл мақалада біз единорогтардың түрлеріне тоқталамыз және инвесторларға болашақ единорогтарды қалай анықтауға болатыны туралы кеңестер береміз.

Терминнің тарихы

"Единорог" терминін алғаш енгізген венчурлық капиталист — Ковбой Венчерc компаниясының серіктесі Эйлин Ли. Ол бұл терминді 2013 жылы енгізіп, ертегілердегі сирек әрі сиқырлы жануарға теңеген. Себебі, ұқсас бағалауға жететін стартаптар да нағыз ерекше жоба болып табылады.

Мен 'единорог' сөзін қолдандым, себебі ол ... бір қиялдың, белгілі бір алхимияның, дұрыс уақытта, бірнеше жағдай қатар келуі керек. Бұл оңай емес

Эйлин Ли

Венчурлық капиталист Дереккөз.

Термин алғаш пайда болғанда мұндай компаниялар расымен де өте сирек еді. Алайда, соңғы онжылдықта олардың саны едәуір артты. 2024 жылдың ортасында әлем бойынша 1 200-ден астам, тіпті 1 400-ге дейін единорогтар бар.

Неліктен единорогтар инвесторларды тартады?

  1. Жоғары өсу әлеуеті

Единорог-компаниялар әдетте технология, жасанды интеллект, биотехнология, финтех сынды қарқынды дамып келе жатқан салаларда жұмыс істейді. Олардың нарықтық бағалауы аталмыш компаниялардың болашақ табыстары мен нарықтағы үстемдігіне қатысты инвесторлардың үмітін көрсетеді.

  1. Инновация

Көптеген единорогтар тұтас салаларды жаңартуға қабілеті бар бірегей өнімдер немесе қызметтер ұсынады. Мысалы, Uber такси индустриясын өзгертсе, Airbnb саяхат саласын жаңа деңгейге шығарды.

  1. IPO-ның тартымдылығы

Көп инвестор үшін единорог компаниялардан акция алу – технологиялық инновация көшбасшыларының қатарында болып, алдағы уақытта жария түрде сату кезінде (IPO) табыс табу мүмкіндігі.

Табысты единорогтарға мысалдар

Кейбір единорогтар өз саласын түбегейлі өзгерткен жаһандық алыптарға айналды:

  • SpaceX — Ғарыш саласында төңкеріс жасаған жекеменшік аэроғарыш компаниясы. Біздің портфолиодағы компаниялардың бірі. Толығырақ осында.
  • Rubrik — Деректерді басқару шешімдерін ұсынатын халықаралық вендор. Сондай-ақ біздің портфолиода бар. Мұнда оқыңыз.
  • Neuralink — Сал аруларға арналған ми импланттарын әзірлейтін жекеменшік компания. Бұл да Raison портфолиосының құрамында. Толығырақ тут.

Перспективалы единорогты қалай анықтауға болады?

Инвесторлар мына аспектілерге назар аударуы керек:

  • Команда
    Құрылтайшылар мен топ-менеджерлерінің мықтылығы — компанияның табысқа жету мүмкіндігінің басты көрсеткіші.

  • Нарық
    Үлкен әрі жылдам дамитын нарық масштабтауға кең мүмкіндік береді.

  • Өнім
    Тұтынушының маңызды мәселесін шешетін ерекше өнім не қызмет перспективалы единорогтың басты белгісі.

Болашақ единорогтарды іздеу барысында мынадай тәсілдерді қолданыңыз:

  1. Дерекқорларды пайдаланыңыз
    Жеке компаниялар жөнінде қаржылық көрсеткіштер, инвестициялар тарихы, негізін қалаушылар туралы мәлімет табуға болатын арнайы дерекқорлар бар.

  2. Нетворкинг
    Инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған іс-шараларға қатысыңыз, салалық қауымдастықтарға мүше болыңыз. Нетворкинг — әлеуетті единорогтар туралы құнды ақпарат көзі.

  3. Әлеуметтік желілер
    X (бұрынғы Twitter), LinkedIn, Facebook сынды әлеуметтік желілер де стартаптар туралы соңғы жаңалықтарды бақылауға және перспективалы жобаларды анықтауға мүмкіндік береді. Саладағы беделді тұлғаларды, венчурлық инвесторларды, басқа да инвесторларды жазылып, назар аударылған жаңа компанияларды, трендтерді біліп отырыңыз.

Единорогты бағалау

Ғылыми немесе технологиялық салалардағы көптеген стартап бастапқы жылдарда пайда әкелмейді. Сондықтан, олардың қаржылық көрсеткішіне қарап бағалау әрдайым нәтижелі емес. Оның орнына инвесторлар ұзақмерзімді болжамдарға және стартаптың болашақ даму перспективасына сүйенеді.

Қорытынды

Единорогтар инвестиция әлеміндегі ең жиі талқыланатын тақырыптардың қатарында. Олар инновацияны, амбицияны және жоғары өсу әлеуетін білдіреді. Дегенмен, инвесторлар тәуекелдерді ескеріп, компанияларды мұқият талдап барып инвестиция жасауы керек. Теңгерімді портфель және мақсатқа сай таңдау — тәуекелді азайту әрі табысқа жету үшін маңызды.

Толығырақ білгіңіз келе ме? Мұндай мәмілелер туралы ақпарат алу үшін бізге осы жерге хабарласыңыз.

Ескерту: Бұл жарнамалық хабарламаны Raison Securities Limited жариялайды. Компания AFSA лицензиясы (№ AFSA-A-LA-2023-0004) негізінде AIFC шеңберінде брокерлік, инвестициялық кеңес беру және мәмілелерді сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді. Бұл контент тек ақпарат беру мақсатында жасалған және нақты қаржылық кеңес немесе белгілі бір бағалы қағазға, салаға не сауда стратегиясына ұсыныс болып табылмайды. Барлық инвестицияда негізгі сомадан айрылу тәуекелі бар. Шешім қабылдаудан бұрын кәсіби кеңес алыңыз. Толығырақ raison.app сайтында.

Бұл мақала пайдалы болды ма?
215 көрілімдер

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.