Колледжтен бас тартып, $7 миллиардтық стартап қалай құруға болады
Scale A.I. компаниясының негізін қалаушы, 25 жастағы Алекс Вангтың тарихы

Александр Ванг 2016 жылы 19 жасында Scale A.I. компаниясын құрғанда, компанияның беделі күмәнді еді. Өйткені, небәрі үш қызметкері бар Scale әлі толық ауқымға шықпаған болатын.
Қазір компанияда 300-ден астам қызметкер бар және оның құны $7,3 миллиардқа жетті, осылайша Ванг 25 жасында Кремний алқабындағы ең ірі жасанды интеллект компанияларының бірі – Scale A.I.-дің бас директоры атанды.
MIT-ті тастап, 2016 жылы Y Combinator-дың көктемгі бағдарламасына қосылғаннан кейін, Ванг қандай стартап құратынын білмеді. B2-ге берген сұхбатында ол түйткілді сәті жөнінде айтты: компаниялар машиналық оқытуды енгізгісі келді, алайда көбі өздерінің ішкі AI жобалары үшін ірі технологиялық компаниялардағыдай құралдар мен ресурстарға ие емес еді.
Сол кезде Ванг Scale идеясын тапты – бұл әзірлеушілерге арналған жасанды интеллект инфрақұрылымын ұсынатын жоба.
Scale дегеніміз не?
Scale A.I. жасанды интеллект бағдарламаларын әзірлеуді жеделдету мақсатында машиналық оқыту топтарына жоғары сапалы «ground truth» деректерін жасауға көмектеседі. Стартап деректерді белгілеу (data labeling) бойынша маманданған, бұл Lyft, OpenAI, Zoox, Pinterest және Airbnb сияқты компанияларға өнім әзірлеуге назар аударуға мүмкіндік береді.
Scale A.I. Nucleus атты платформасын да әзірледі – бұл компанияларға өз деректерін басқаруға әрі Scale A.I.-ға белгілеуге жіберер алдындағы деректер сапасын жақсартуға ұсыныстар береді.
Платформада дайын шешімдер бар: автономды көліктер, дрондар, контент пен тіл, құжаттармен жұмыс, бөлшек сауда және e-commerce, робототехника және мемлекеттік сектор.
Даму және нәтижелер
Scale A.I. клиенттері қатарында Toyota, General Motors, АҚШ Әскери-әуе күштері департаменті, PayPal, Square, Samsung және Standard Cognition бар.
Автономды көліктерге келсек, Toyota Scale өнімін пайдаланады, бұл компанияға аннотация жылдамдығын бірнеше апта ішінде 10 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
Scale Deloitte-пен серіктес – екеуі де Joint Artificial Intelligence Center Data Readiness Artificial Intelligence Development (DRAID) Basic Ordering Agreement (BOA) келісімі аясында марапатқа ие.
JAIC DRAID – бес жылдық, $241 миллиондық келісім, бұл Scale мен Deloitte-ке АҚШ үкіметіне арналған AI деректерін әзірлеуде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл серіктестік Scale компаниясына барлығы $500 миллионға жуық JAIC келісімдік құнын алып келеді.
Scale технологиясы барлық федералды агенттіктер үшін қолжетімді болып, мемлекетке маңызды жұмыс процестеріне AI мен ML-ді сенімді түрде енгізуге мүмкіндік береді.
Негізгі инвесторлар
Scale AI тартылған капиталды бар өнімдерін одан әрі дамытуға және денсаулық сақтау секторы секілді басқа салаларға ауқымын кеңейтуге пайдалануды жоспарлап отыр.
Scale A.I. инвестициялық раундтары
Нарыққа шолу
Жасанды интеллект әлемдік нарығы 2020 жылы 62,35 миллиард долларға бағаланды және 2021–2028 жылдар аралығында жылдық өсу қарқыны (CAGR) 40,2% болады деп күтілуде. Дәл осы динамика сақталса, нарық құны 2028 жылы 1 триллион АҚШ долларына жуық болады.
Жасанды интеллект әлемдік нарығы, көлемі 2021–2028 жылдар аралығы
Үлкен нарық сыйымдылығы мен технология перспективалары себепті венчурлық капитал бұл салаға қызығушылық танытады. PitchBook мәліметіне сәйкес, AI және машиналық оқыту стартаптарына V.C. инвестициялар 2021 жылы бәсеңдеп, жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету V.C. салыстырғанда баяу өсті. Саладағы стартаптар 2021 жылы $115 миллиард инвестиция тартты – бұл 2020 жылғы $61,4 миллиардтан 87,2% артық.
Scale – АҚШ-тағы ең ірі жасанды интеллект стартабы. Бас бәсекелестері – Hive және Labelbox. Hive тек деректерді белгілеумен айналысады, ал Labelbox, Scale A.I. секілді, клиенттерге арналған деректерді басқару платформасын әзірлеген — бұл салада сирек кездеседі.
Компанияда жоғары сапалы деректерді белгілеуге ең көп капитал бар, бұл өз кезегінде – өз нишасындағы ең ірі тұтынушыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Потенциалды қайтарым (ROI)
Ең ықтимал сценарий (80%):
- Жақында топ-менеджмент құрамының толықтырылуына қарап, компания алдағы 2–3 жылда SPAC арқылы не IPO арқылы жария компанияға айналуы мүмкін.
- Ашық нарықта балама болмағандықтан, бағалау құны жария листингке дейін 150%-дан 200%-ға өсу мүмкіндігіне ие.
Кем ықтимал сценарий (20%):
- Үлкен технологиялық компаниялардың бірі — Google, Microsoft немесе Apple — AI-стартаптарды сатып алу белсенділігін көрсете отырып, Scale-ді сатып алуы мүмкін.
Бұл жағдайда, мәміле ағымдағы бағалаудан 100%—150% премиямен жүзеге асырылады.
Тәуекелдер
Деректерді өңдеу мен сақтау саласындағы заңнама компания жұмыс істейтін түрлі салаларда AI технологиясын дамытуға кедергі келтіруі мүмкін.
Деректерді белгілеу нарығындағы көшбасшы ретінде компания шағын стартаптар тарапынан бәсекелестіктің артуына байланысты өз позициясын жоғалту тәуекеліне ие.
Қорытынды
Scale A.I. миссиясы — AI шешімдерін әзірлеуді жеделдету. Командалардың дамуын жылдамдату үшін, біз барлық жасанды интеллект шешімдерінің іргетасы болып саналатын деректермен бастадық.
Компания туралы толық сараптаманы Raison қосымшасында көре аласыз және осы болашағы зор жобаға инвестиция сала аласыз!
ҚОСЫЛЫҢЫЗ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫҢЫЗ