Апталық экономикалық жаңарту
24-28 маусым

Raison-нан апталық экономикалық жаңарту. Біз негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді жинадық: инфляция мен ЖІӨ-ден бастап қор нарығы индикаторларына дейін, елдегі жағдайдың бірнеше аспектісін қамтиды.
Макроэкономикалық статистика
Инфляция
- Негізгі тұтыну бағалары индексі (CPI) (жылдық) (сәуір): 3,4%;
- Тұтыну бағалары индексі (CPI) (жылдық) (сәуір): 3,3%.
ФРЖ инфляция бойынша мақсаты
- Жеке тұтыну шығындары бойынша негізгі баға индексі (жылдық) (сәуір): 2,6% (алд.: 2,8%);
- Жеке тұтыну шығындары баға индексі (жылдық) (алд.): 2,6%, (алд.: 2,7%).
Инфляциялық күтулер
- 12 айлық күтілетін инфляция (мамыр): 3,0%, алд.: 3,3%;
- 5 жылдық күтілетін инфляция (мамыр): 3,0%, алд.: 3,0%.
ЖІӨ (тоқсандар бойынша өсім) (І тоқсан) (үшінші бағалау): 1,4% (екінші: 1,3%); ЖІӨ дефляциясы (тоқсандар бойынша өсім) (І тоқсан): 3,1% (алд.: 1,7%).
Іскерлік белсенділік индексі (PMI) (50-ден жоғары - экономикалық өсім, төмен - баяулау):
- Қызмет көрсету секторында (мамыр): 54,8 (алд.: 51,3);
- Өндірістік секторда (мамыр): 48,7 (алд.: 51,3).
Еңбек нарығы
- Жұмыссыздық деңгейі (сәуір): 4,0% (алд.: 3,9%);
- Жеке ауылшаруашылығы емес секторында жұмыспен қамтылғандар санының өзгеруі (сәуір): 229 мың;
- Бастапқы жұмыссыздық өтінімдерінің саны: 233 мың (алд.: 239 мың).
Бөлшек сауда сату көрсеткіштері ФРЖ инфляция мақсаты (PCE индексі) үшін жетекші индикатор болып табылады.
Ақша-несие саясаты
Федералды қорлардың ағымдағы мөлшерлемесі (ETFs) 5,50% (қызыл).
ФРЖ балансы ($8,965 трлн) -$1,734 трлн-ға (-19,34%) азайды (көк).
ФРЖ өкілдерінің риторикасы: жылдың соңына қарай бір мәрте төмендеу болжамы. Нарық мөлшерлемесі болжамы (Fed Watch): 4,75%-5,00% (желтоқсан 2024-ке екі мәрте төмендету):
Федералды резерв балансы
АҚШ мемлекеттік облигацияларының аукциондары
2 жылдықтар:
5 жылдықтар:
7 жылдықтар:
Ұзақ мерзімді қазына облигациялары
Екінші нарықтық қарыздар нарығында үміт күттіретін статистикаларға қарамастан, инвесторлар көзқарасы апта ішінде ФРЖ мүшесі Бауманның қатаң риторикасынан кейін нашарлады. Ол, инфляцияда ілгерілеу болмаса, ФРЖ мөлшерлемені өсіруі мүмкін екенін ескертті. Әзірге ол биыл мөлшерлемені төмендетуді күтпейді.
Нарық
Нарықтық капитализацияның динамикасы
Нарықтардың динамикасы әртүрлі бағытта болды. Орташа өсу 0,5% шамасында, көшбасшылар — энергетика, жылжымайтын мүлік және қаржы секторлары. Өткен аптамен салыстырғанда, қорғаныс секторлары — міндетті тұтыну және коммуналдық қызметтер артта қалды. Дегенмен соңғы жылдары кіші және микро капитализациялы компаниялар сирек оң динамика көрсетті.
Бұл аздаған «Risk On» жақсы статистикалық деректермен байланысты. АҚШ қазына облигацияларына қарағанда, қор нарығы қазіргі жағдайында ФРЖ-ның қатаң риторикасына соншалықты қатты әсер етпейді.
SP500
SP500 индексі қатарынан 9 сессия бойына өте тар 5530-5500 диапазонында дерлік құбылусыз саудалануда. MSFT, AAPL және NVDA индексінің өсу драйверлерінің де қозғалысы көлденең сипатта.
Алдыңғы болжамдарға қосымша, Stifel компаниясы биыл SGP500 индексі тағы 10%-ға өседі деп күтетін болжам жариялады. Бұл болжам өткен бұқа нарықтарының талдауына негізделген. Дегенмен, жыл соңына таман Stifel қор нарығында түзету болады деп болжайды.
АҚШ қазына облигациялары
АҚШ доллары өткен жылдың желтоқсанынан бері өсіші арнасында саудаланып келеді. Фьючерстік бағасы — 105.205. Төменде орналасқан графикте АҚШ-тағы жоғары мөлшерлеме доллардың өсуіне қалай әсер ететінін және оның әлемдік валюталарға қысымын анық көруге болады. Барлығы дерлік долларға қарсы құнсызданып жатыр.
Алтын
Алтын 2300 деңгейіндегі бағалық қолдаудан жоғары саудалануын жалғастыруда. Геосаяси факторлар, әсіресе Израиль мен Ливан арасындағы қақтығыстың ушығуы, сары металл бағасына жаңа өсу катализаторы болуы мүмкін. Бұл елдер ашық соғыс жағдайына жақындап қалуы ықтимал.
Жаңалықтардан
SpaceX-тің тендерлік ұсынысы компанияны рекордтық $210 миллиардқа бағалады
- Инвесторлардың қызығушылығына байланысты баға бұрынғыдан жоғары
- SpaceX Bytedance ($268 млрд) компаниясынан кейінгі екінші орында
Жеке технологиялық компаниялардың акцияларын бізбен сатып алғыларыңыз келе ме? Wealth және Growth шот жоспарларымен танысыңыз — олар эксклюзивті венчурлық мәмілелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді!
Ескерту: «Сауда белгілерін қолдану тек ақпараттық мақсатта жүзеге асырылады және қандай да бір мақұлдау немесе байланыс бар дегенді білдірмейді. Бұл хабарламадағы ақпарат тек ақпараттық сипатта берілген және бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, жазылуға немесе алуға ұсыныс немесе шақыру болып табылмайды.»