Forge 2025 жылғы 2-тоқсан: Жеке нарықтың жандану кезеңі
Финтех, жасанды интеллект, IPO қарқыны және жаңа рекордтық бірмүйіздер

Жеке капитал нарығы 2025 жылғы екінші тоқсанда қайтадан өсу белгілерін көрсетті. Бұл қарқын финтех секторындағы жаңғыру, жасанды интеллектке (ЖИ) деген тұрақты инвесторлық қызығушылық және соңғы екі жыл ішінде болмаған IPO белсенділігінің қалпына келуімен қамтамасыз етілді.
Жалпы трендтер
- 2025 жылғы 2-тоқсандағы жеке капитал нарығы инфляция мен сауда тәуекелдері қатарлы макроэкономикалық тұрақсыздықтарға қарсы тұра алды.
- Финтех пен ЖИ негізгі өсім драйверлері ретінде көрініс берді, бұл инвесторлар арасында оң сенімділікті нығайтты.
- Forge Accuidity Index (FAPMI) +26,6% өсім көрсетті, SPY мен QQQ көрсеткіштерінен асып түсіп, бұл өсімге негізінен Circle және CoreWeave компаниялары түрткі болды.
Финтех
Бірнеше жыл бойы тоқыраудан кейін, финтех қайтадан инвесторлардың назарын өзіне аударды.
Әлі де күрделі пайыздық мөлшерлеме жағдайында болса да, финтех нарығы мығым іргетасқа сүйеніп дамуда: табыс пен кірістілік өсімі, шығындарды оңтайландыру және реттеушілік қолдау (соның ішінде криптовалюта мен банкинг саласындағы шектеулердің жеңілдетілуі).
Forge Private Market Index (FPMI) бойынша финтех компаниялары барлық секторлар арасында ең жоғары өсімге қол жеткізді. Circle және eToro сынды табысты IPO-лар финтехтің қаржы саласының болашағындағы стратегиялық маңызын айшықтады.
Жасанды интеллект
ЖИ жеке нарықтың жетекші тақырыбы болып келеді, инвесторлардың қызығушылығы азайған емес. Бұрынғы циклдерде капитал бір салалық ЖИ бағытына құйылса, қазір қаржы түрлі экожүйеге – іргелі модель жасаушылардан бастап, кәсіпорындық SaaS шешімдері, инфрақұрылымды ұйымдастыру, сондай-ақ денсаулық сақтау, заң және қаржы қызметтеріне арналған тік бағыттағы қолданбаларға дейін кеңірек бөлінуде.
ЖИ-дің басымдығы айқын: 2025 жылғы 2-тоқсандағы Forge алаңындағы жалпы сауда көлемінің 51%-ы ЖИ-компанияларға тиесілі болды.
Forge Private Thematic Baskets өнімділігі (Компания бағалау динамикасы):
IPO нарығы жаңа жандану кезеңіне енді
2025 жылғы 2-тоқсанда IPO белсенділігі қайта оралды, оған Circle (+113%) және CoreWeave (+133%, жазу сәтінде) секілді күшті дебюттер дәлел.
Нарыққа шыққаннан кейінгі мықты нәтижелер – ұсыныстар диапазонының жоғары қарай қайта қаралуы, IPO-дан кейін бағаның тез тұрақтануы және бірқатар жағдайда үздіксіз өсу – бұл кеш кезеңдегі жеке компаниялар мен олардың инвесторлары үшін оң серпін берді.
Forge нарығында бұл үрдіс IPO-ға шыққалы отырған компаниялар үшін бағалаудың және өтімділіктің өсуіне алып келді. Олардың қатарында жаздан кейін биржаға шығуға ниеті барлар: Klarna, Navan және Wealthfront.
Венчурлық стартаптар сапасы жағынан әлі де айқын алшақтық бар, бірақ әсіресе өтімділігі жоғары салаларда инвесторлардың белсенділігі қайта өсе бастады.
IPO құжаттау – компанияның жария листингке шығу үшін реттеуші органдарға ресми құжаттар ұсынуы.
Жеке капитал нарығы: қаржыландыру және бірмүйіз компаниялар
2025 жылдың 2-тоқсанында жалпы 22 млрд доллар 148 раунд бойынша тартылды – бұл 1-тоқсаннан сәл төмен көрсеткіш, бірақ сонымен бірге 2022 жылдың ортасынан бергі ең мықты тоқсандардың бірі болып қалды.
2025 жылдың 2-тоқсанында 21 жаңа бірмүйіз пайда болды – бұл 2022 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ең көңіл аударарлықтары: Thinking Machines Lab (бастапқы раундта $2 млрд инвестициямен $10 млрд-қа бағаланды), Gecko Robotics және Impulse Space. Көптеген бұрынғы бірмүйіздер де Step-Up раундтарын өткізіп, кейбіреуінің бағалауы екі-үш есеге өсті (мысалы, ClickHouse, Applied Intuition) – бұл инвесторлардың сенімінің айқын белгісі.
Екінші нарық
Cатып алушылардың қызығушылығы сәуірдегі баяулаудан кейін қайта артты. 2022 жылғы қазанда ең төменгі деңгейге түскеннен кейін, сатып алуға ниет білдірудің үлесі (IOI) 2020-2021 жылдардағы деңгейге біртіндеп қайтып жатыр.
Орташа бид-аск айырмасы 2025 жылғы маусымда 3%-ға дейін тарылды – бұл 2021 жылғы ақпаннан бергі ең төменгі деңгей. Тарылған бид-аск спрэдтер сұраныстың жоғары болуын көрсететін белсенді нарықты білдіреді.
Тәуекелдер
Қазіргі кезде ауқымды тарифтердің қаупі бәсеңдеді, дегенмен олардың енгізілуі жаһандық капитал ағындарына, өндірістік шығындарға және сектордағы ауысуларға әсер етуі мүмкін. Жеке нарық табиғаты бойынша ұзақмерзімді бағытталғандықтан, тариф саясатының өзгеруі қысқа мерзімді перспективада ғана әсер етеді — ең алдымен, жеткізу тізбектеріне, тұтынушылық сұраныс пен шығын құрылымына.