7 — 13 қазан: Апталық экономикалық шолу
Негізгі нарықтық талдаулар

Апталық шолуымызда біз сіздерге нарыққа арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді ұсынамыз.
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА
ИНФЛЯЦИЯ
- Негізгі тұтыну бағаларының индексі (CPI) (ЖЖ) (қыркүйек): 3.3%, (бұрын: 3.2%);
- Тұтыну бағалары индексі (CPI) (ЖЖ) (қыркүйек): 2.4%, (бұрын: 2.5%).
ФРЖ-НЫҢ ИНФЛЯЦИЯ МАҚСАТЫ
- Жеке тұтыну шығындарының негізгі баға индексі (PCE) (ЖЖ) (тамыз): 2.7% (бұрын: 2.6%);
- Жеке тұтыну шығындарының баға индексі (ЖЖ) (шілде): 2.2%, (бұрын: 2.5%).
ИНФЛЯЦИЯҒА КҮТІЛІМДЕР
-
12 айлық болжанған инфляция (қыркүйек): 2.9%, бұрын: 2.7%;
-
5 жылдық болжанған инфляция (қыркүйек): 3.0% бұрын: 3.1%.
-
BEA (АҚШ Экономикалық Талдау Бюросы) ЖІӨ: (тоқ/тоқ) (2Т) (үшінші есеп): 3.0%, (бұрын: 1.6% түзету),
-
ЖІӨ дефляторы (тоқ/тоқ) (3Т): 2.5% (бұрын: 3.0% түзету),
-
ЖІӨ (Атланта банкі): 3.2% қысқа мерзімді болжам.
ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК ИНДЕКСІ (PMI)
- Қызмет көрсету секторы (маусым): 55.4 (бұрын: 55.7);
- Өндірістік сектор (қыркүйек): 47.0 (бұрын:47.9 түзету);
- S&P Global Композиті (қыркүйек): 54.4 (бұрын: 54.6 түзету).
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
- Жұмыссыздық деңгейі (тамыз): 4.1% (бұрын: 4.2%);
- Ауыл шаруашылығынан тыс жұмыспен қамту (тамыз): 254К (бұрын: 159К түзету);
- Жеке сектордағы ауыл ш. тыс жұмыспен қамту өзгерісі (тамыз): 223К, (бұрын 114К түзету);
- Орташа сағаттық жалақы (тамыз, ЖЖ): 4.0% (бұрын: 3.9%).
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
- Федералдық қорлардың мөлшерлемесі (EFFR): 4.75% – 5.00% (қызыл түсте);
- ФРЖ балансы (көк түсте): $7.046 трлн (өткен аптамен салыстырғанда өзгеріссіз: $7.046 трлн):
Қыркүйектегі ФРЖ отырысынан жазба (үзінді):
- Көптеген ФРЖ өкілдері АҚШ экономикасының баяулауы мен еңбек нарығының салқындауын атап өтті;
- Жоғары инфляция қаупі төмендегенімен, мөлшерлемені тым ерте немесе тым көп төмендету инфляцияға қарсы жеткен нәтижені жоғалтуы мүмкін;
- ФРЖ балансының қысқаруы мөлшерлеме төмендегеннің өзінде жалғасады.
МӨЛШЕРЛЕМЕ БОЙЫНША НАРЫҚ БОЛЖАМЫ
Бүгін:
ПІКІРІ
Қыркүйекте АҚШ-та ай сайынғы CPI болжамнан жоғары 0.1%, ал негізгі CPI — 0.2% артты. Жылдық есепте CPI 2.44%-ға дейін төмендеді, ал негізгі CPI (азық-түлік пен энергияны қоспағанда) күткендей 3.26%-ға жетті. Сонымен қатар, 12 айлық инфляциялық күтім 0.2%-ға өсті.
Қыркүйек айының деректері инфляцияның баяулауына не өсуіне жол ашуы мүмкін екенін көрсетеді, бұл ФРЖ-ның мөлшерлемені тезірек төмендетуге қатысты тәуекелдерге алаңдауын дәлелдейді.
Инфляция индекстері бойынша алдағы деректер төмендеуді көрсетпесе, реттеушінің риторикасы одан әрі қатаң болмақ.
Дегенмен, Fedwatch күтімдері айтарлықтай өзгерген жоқ: жыл соңына дейін мөлшерлеме екі рет төмендеп, 4.25%-4.50% аралығына жетеді деп болжануда. Ұзақ мерзімді күтілім (12 айға): 2.00% төмендеу, 3.25% - 3.50% аралығына дейін.
НАРЫҚ
НАРЫҚТЫҢ КАПИТАЛИЗАЦИЯСЫ
Акция нарығы:
Акция нарығының медиандық өсімі 0.08% құрады. Қорғаныс секторларынан капиталдың технология, негізгі материалдар, өндірістік және қаржы секторларына құйылуы байқалды. Осылайша, АҚШ акция нарқындағы тәуекелге тәбеттілік (Risk ON) сақталуда.
SP500
VIX
Тәуекелге тәбеттілік, бір жағынан, жаңа рекордтық шекке жеткен SP500 индексінің өсуімен расталады — 5815 деңгейіне дейін. Ал, VIX төмендеуін жылдам көрсеткен жоқ, 20-дан жоғары тұрақталды. SP500-ге арналған опциондар құнының өсуі белгісіздік сақталғанын көрсетеді. Басты тәуекел – инфляцияның өсуі және ақшалай-несиелік саясатты жеңілдету қарқынының баяулауы.
Buyback
Goldman Sachs есебінше, АҚШ-та осы жылы жарияланған кері сатып алулардың көлемі $974 млрд болды, бұл былтырмен салыстырғанда 23%-ға көп. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш $1.0 трлн-нан асады деп болжануда. Кері сатып алудың көбейюі компания басшыларының акцияларын төмен бағаланған деп есептейтінін көрсетеді. Технология секторы buyback бойынша көш бастап тұр, одан кейін қаржы мен денсаулық сақтау секторлары келеді.
ҚАЗЫНАЛЫҚ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Қазыналық облигациялар UST10:
Өнімділік:
10 жылдық қазыналық облигациялар фьючерстері 0.67%-ға төмендеді. Бұған CPI деректері мен ФРЖ-ның риторикасы себеп болды. 10 жылдық АҚШ қазыналық қағаздарының нарықтық табысы (қызыл сызық) — 4.107%. BBB рейтингі бар корпоративтік индекстің табысы (көк сызық) — 5.17%. Спред кеңейген жоқ.
ДОЛЛАР ИНДЕКСІ (DXY)
АЛТЫН
Доллар индексі соңғы екі апта бойы өсіп, 102 мәніне жетті. ФРЖ отырысынан кейін облигация табыстылығы мен доллар индексі де артып жатыр. Алтын $2700/трой унция деңгейін сынауы мүмкін. Ұзақ мерзімді өсуге ықпал ететін негізгі факторлар әлі де бар.
Жеке технологиялық компаниялардың акцияларын бізбен бірге сатып алғыңыз келе ме? Эксклюзивті венчурлік мәмілелерге қол жеткізу үшін біздің Wealth және Growth шоттары жоспарымен танысыңыз!
Жауапкершіліктен бас тарту: «Тауар белгісін қолдану тек ақпараттық мақсатта және ол ұсынысты, қолдауды немесе байланысты білдірмейді. Сондай-ақ, бұл хабарламаның ақпараты тек ақпараттық мақсатта ұсынылып отыр және қандай да бір қаржылық құралды, сатып алуды, сатуды, жазылуды ұсыну немесе оларды сатып алуға шақыру болып табылмайды."