Шақыру
2025 ж. 11 ақпан

2025 жылғы 3 – 7 ақпан: Апталық экономикалық шолу

Негізгі нарықтық жаңалықтар

2025 жылғы 3 – 7 ақпан: Апталық экономикалық шолу

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

ИНФЛЯЦИЯ

  • Негізгі тұтыну бағаларының индексі (CPI) (ай/ай) (желтоқсан): 0,2% (алд.: 0,3%);
  • Тұтыну бағаларының индексі (CPI) (ай/ай) (желтоқсан): 0,4% (алд.: 0,3%);
  • Негізгі тұтыну бағаларының индексі (CPI) (жыл/жыл) (желтоқсан): 3,2% (алд.: 3,3%);
  • Тұтыну бағаларының индексі (CPI) (жыл/жыл) (желтоқсан): 2,9% (алд.: 2,7%).

ИНФЛЯЦИЯ ҮМІТТЕРІ (MICHIGAN)

  • 12 айлық болжамды инфляция (қаңтар): 4,3%, алд.: 3,3%;

  • 5 жылдық болжамды инфляция (қаңтар): 3,3%, алд.: 3,2%.

ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК ИНДЕКСІ (PMI)

  • Қызмет көрсету секторы (желтоқсан): 52,8 (алд.: 56,8);
  • Өндірістік сектор (желтоқсан): 50,1 (алд.: 49,3);
  • S&P Global біріктірілген индексі (желтоқсан): 52,4 (алд.: 55,4).

ЖІӨ (BEA – АҚШ Экономикалық талдау бюросы) (тоқсан/тоқсан) (Q) (Алдын-ала баға):

  • 2,3% (алд.: 3,1%)

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

  • Жұмыссыздық деңгейі (қаңтар): 4,0% (алд.: 4,1%);

  • Ауыл шаруашылығынан тыс жалақы бойынша өзгеріс (қаңтар): 143 мың (алд.: 307 мың);
  • Жеке сектордағы ауыл шаруашылығынан тыс жалақы бойынша өзгеріс (қаңтар): 223 мың (алд.: 111 мың, 273 мың түзетілген);
  • Орташа сағаттық жалақы (қаңтар, жыл/жыл): 4,1% (алд.: 4,1%).

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

  • Федералды қор ставкалары (EFFR): 4,25%–4,50% (нүктелі сызық);
  • FED балансы (көк): $6,810 трлн (өткен апта: $6,818 трлн)

СТАВКА БОЙЫНША НАРЫҚТЫК БОЛЖАМ

Бүгінгі күнге:

Бір апта бұрын:

Комментарий:

Michigan университетінің соңғы инфляциялық үміттер дерегі 12 айлық кезеңге (+1% - 4,3%) және 5 жылдық кезеңге (+0,1% - 3,3%) болжамдардың күрт артқанын көрсетті.

Қаңтарда ауыл шаруашылығынан тыс жұмыс орындарының саны 143 мыңға артты. Өсім денсаулық сақтау, бөлшек сауда және әлеуметтік көмек салаларында тіркелді. Тау-кен өндіру, карьерлер және мұнай-газ секторында жұмыспен қамту төмендеді.

Жұмыссыздық деңгейі төмендеуді жалғастырып, 4,0%-ға жетті (бұрынғысы — 4,1%) (болжау: 4,1%). Бұл көрсеткіш 2024 жылдың тамызынан бері қысқаруда.

Инфляциялық үміттер мен еңбек нарығы көрсеткіштері ағымдағы пайыздық мөлшерлемені сақтауды қолдайды.

Жалпы, FedWatch айтарлықтай өзгерістерді көрсетпейді:

  • Қысқа мерзімді болжам: Алғашқы 0,25% ставка төмендеуі осы жылдың шілдесінде күтілуде.
  • 12 айлық болжам: Өзгерістер күтілмейді; болжамды ставка — 4,00-4,25% шамасында.

Трамп әкімшілігі Канада мен Мексикаға енгізілетін тарифтерді 30 күнге шегерді. Бұл шешімге жауап ретінде Канада премьер-министрі Трюдо мен Мексика президенті Шейнбаум Трамптың иммиграция мен есірткі тасымалына қарсы шараларды талап етуіне орай шекара қауіпсіздігін күшейту туралы келісімге келді.

Қытайға қарсы тарифтер бұрынғысынша күшінде қалып отыр, ал Қытай жауап ретінде қарсы шараларды бастады.

НАРЫҚ

НАРЫҚ ҚҰНЫ БОЙЫНША ӨСІМ

Өткен аптада секторлар бойынша кірістілік аралас сипат алды. Байланыс қызметтері, негізгі материалдар және коммуналдық қызметтерде өсім байқалды. Тұтынушылық, денсаулық сақтау және өндірістік секторларда құлдырау тіркелді. Орташа төмендеу – -0,22%.

Жыл басынан бері (YTD – жылдың басынан ағымдағы күнге дейін).

Жыл басынан бері негізгі материалдар, қаржы ұйымдары және коммуналдық сектор көш бастап келеді. Қорғаныс секторлары өнімсіз болып қалуда.

SP500

S&P 500: Үшінші рет 6100 кедергі деңгейін сынап, жұма күні күрт кері шегінді. Апталық динамика: -0,24% (апталық жабылу: 6025,98). YTD өсім: +2,08%.

NASDAQ100

Nasdaq 100: Апталық динамика: +0,06% (апталық жабылу: 21491,31). YTD өсім: +1,76%.

ОБЛИГАЦИЯЛАР НАРЫҒЫ

Облигациялар нарығы – апталық кірістер төмендеді. 20 жылдан жоғары қазынашылық облигациялар (ETF TLT): +1,72% (апталық жабылу: $89,27). YTD: +1,67%.

КІРІС ЖӘНЕ СПРЕДТЕР

Кірістер мен спредтер (2025/01/23 және 2024/01/17):

  • 10 жылдық АҚШ қазынашылық кірісі: 4,48% (алд.: 4,54%)
  • ICE BofA BBB АҚШ корпоративті индексінің тиімді кірісі: 5,44% (алд.: 5,47%)

10 және 2 жылдық АҚШ қазынашылық облигациялары арасындағы кіріс спреді 19,6 б.п.-ден 34,0 б.п.-ке дейін (ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар арасындағы кіріс айырмашылығы). АҚШ қазынашылық кіріс қисығы әр түрлі мерзімдегі облигациялардың кірісін көрсетеді. Бұл көрсеткіш экономикалық жағдай мен нарықтық күтулердің негізгі индикаторы:

АҚШ қазынашылық облигацияларының кіріс қисығы:

  • Қысқа мерзім (1 жылға дейін): 4,32 - 4,25%
  • Орташа мерзім (3-7 жыл): 4,31 – 4,41%
  • Ұзақ мерзім (10 жылдан жоғары): 4,48-4,69%

АЛТЫН ФЬЮЧЕРСТЕРІ

Алтын фьючерстері (GC):

  • Алтын тарихи максимумға шығып отыр.
  • Апталық өсім: +3,18% (апталық жабылу: $2 921,1 унция)
  • YTD өсім: +10,62%

Goldman Sachs тариф белгісіздігі азайса, алтын бағасы техникалық коррекцияға ұшырауы мүмкін екенін болжайды. Дегенмен, орталық банктердің алатын көлемінің артуы және ФРЖ ставкасын төмендету аясында ETF-қа сұраныстың біртіндеп өсуі алтынның ұзақ мерзімді өсуін қолдайды. Мақсатты баға – 2026 жылдың ортасында унциясына $3 000.

ДОЛЛАР ФЬЮЧЕРСТЕРІ

Доллар индексінің фьючерстері (DX):

  • Апталық динамика: -0,17% (апталық жабылу: 108,165)
  • YTD: -0,15%

МҰНАЙ ФЬЮЧЕРСТЕРІ

АҚШ Канада және Мексикамен тарифтер енгізу мерзімін кейінге қалдыру туралы келісімдерге қол жеткізгеннен кейін мұнай бағасы төмендеуде.

  • OPEC+: Ұйым өндірісті сәуірден бастап біртіндеп арттыру жоспарын өзгертпейтінін мәлімдеді. Топ қазіргі қысқартуларды 2026 жылдың қыркүйегіне дейін кезең-кезеңімен жоя отырып, сәуірден бастап өндірісті тәулігіне шамамен 180 мың баррельге арттырады.
  • Апталық өзгеріс: -3,18%, жабылу бағасы: $71,46 барр.
  • Жылдық өзгеріс: -0,54%.

КРИПТОВАЛЮТА НАРЫҒЫ

BTC

  • Апталық динамика: -6,09% (апталық жабылу: $96 285)
  • YTD өсім: +1,07%

ETH

Ethereum фьючерстері:

  • Апталық динамика: -22,53% (апталық жабылу: $2 592)
  • YTD төмендеу: -23,40%

BTC-ны стратегиялық резерв ретінде қабылдау бойынша елдер:

Бүгінгі таңда тек Эль-Сальвадор үкіметі BTC-ны стратегиялық резерв ретінде сатып алды. Бірақ, 12 мемлекет бұл мәселе бойынша заңнамалық процесті бастаған, ал үшеуінде (Бразилия, Швейцария және АҚШ) дауыс беру кезеңінде.

BTC-ға қолдау көрсететін заңдарды қарайтын АҚШ штаттарының саны 19-ға жетті.

КРИПТО НАРЫҚ КАПИТАЛИЗАЦИЯСЫ

  • Криптонарықтың капитализациясы: $3,19 трлн ($3,09 трлн өткен аптада) (coinmarketcap.com)
  • Нарықтағы үлес: Bitcoin – 60,7% (61,1%), Ethereum – 9,0% (10,0%), Басқа активтер – 29,3%.

Бұл мақала пайдалы болды ма?
218 көрілімдер
БҮЛІСУ:

Бастау

Қосымшаны жүктеу сілтемесімен хабарлама жібереміз.